«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ «Тіл – тағылым» интеллектуалды сайысына қатысты
Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы және «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен елордада «Тіл – тағылым» интеллектуалды сайысы өтті.
Жарыста «Бәйтерек» холдингі және оның еншілес ұйымдарының қызметкерлерінен құралған 8 команда сынға түсіп, бақ сынады.
«Тіл – тағылым» интеллектуалды сайысының мақсаты – мемлекеттік тілді, ел тарихын, салт-дәстүрімізді, ғылым мен өнерді және әдеби мұраларды насихаттау.
Интеллектуалды сайыс 5 кезеңді қамтыды:
І. «ТӨРТЕУ ТҮГЕЛ БОЛСА» КІРІСПЕ ТУРЫ
ІІ. «СӨЗЖҰМБАҚ» ҚИСЫН ТУРЫ
ІІІ. «ҚАРА, ТЫҢДА, ОЙЛАН» МЕДИА ТУРЫ
ІV. «БАЙЛАНЫС» ТАҚЫРЫПТЫҚ ТУРЫ
V. АҚТЫҚ МӘРЕ» СОҢҒЫ ТУРЫ
Әр кезеңде қатысушы командалар мемлекеттік тіл, тарих, салт-дәстүр, Алаш арыстары, әдебиет және мәдениет сынды тақырыптар төңірегіндегі сұрақтарға жауап берді.
Қызу тартыстың нәтижесінде «Отбасы Банк» АҚ құрама командасы жеңімпаз атанса, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мамандарынан құралған команда 2 орынға жайғасты, ал «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның қызметкерлері 3 орынды иеленді.