Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі Экспорттаушылар каталогын шығарды
Экспорттық-кредиттік агенттік Қазақстан экспорттаушыларының жаңа каталогын шығарды. Басылым «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес компаниялары – «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «Қазақстанның даму банкі» АҚ қолдау көрсеткен экспортқа бағдарланған отандық кәсіпорындар туралы ақпаратты қамтиды.
Каталог жыл сайын басып шығарылады. Оның мақсаты – Қазақстанның шикізат емес тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін шетел нарығына шығаруына жол ашу.
Басылымда металлургия және химия өнеркәсібі, автокөлік құралдары, тамақ өнімдері, медицина тауарлары, тоқыма, өңдеу секторының компаниялары және басқа да түрлі саланың кәсіпорындары ұсынылған. Одан бөлек, каталогта кәсіпорын бағыты, шетел нарығына шығатын өнімдер, экспорт географиясы, сондай-ақ байланыс деректері туралы ақпарат бар.