Аллен Шәйжүнісов «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы болып сайланды | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Аллен Шәйжүнісов «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы болып сайланды

Жалғыз акционер – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ шешімімен Аллен Шәйжүнісов 2024 жылдың 3 шілдесінен бастап «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы және Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Аллен Сержанұлы Шәйжүнісов 1981 жылы Шығыс Қазақстан облысында туған. 2002 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (Университет) халықаралық заңгер мамандығы бойынша бітірген. Одан бөлек, 2011 жылы  «Экономист» мамандығы бойынша Қазақ қаржы-экономикалық академиясын тәмәмдаған.




Еңбек
жолын 1998 жылы бастаған.

2003-2006 жылдар аралығында дипломатиялық қызметте болды.

2006-2008 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2008-2009 жж. – «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты хатшылығының меңгерушісі.

2009-2013 жылдары «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Басқарушы директоры қызметін атқарды және Қазақстан велосипед спорты федерациясының вице-президенті болды.

2013-2014 жж. – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары.

2014-2015 жж. Қазақстан футбол федерациясының бірінші вице-президенті.

2015-2020 жылдары «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-да басшылық лауазымдарды атқарды.

2020-2024 жылдары «QazExpoCongress» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметінде болды.

chat Кеңес ал!