«Бәйтерек» холдингінің компаниялар тобы арасында шахматтан турнир өтті
«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Қазақстандық шахмат федерациясының қолдауымен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және оның еншілес ұйымдарының қызметкерлері арасында шахматтан дәстүрлі турнир өткізді.
«Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Аслан Калигазин: «Шахмат ой шапшаңдығын дамытып қана қоймай, қызметкерлер арасындағы байланыс пен командалық рухты нығайтады. Бұл зияткерлік спорт түрі Холдинг компаниялары арасында кең танылған. Турнир арқылы қызметкерлер өздерінің стратегиялық дағдылары мен талдау тұрғысынан ойлау қабілетін әділ күресте көрсетуге тамаша мүмкіндік алды».
Сайысқа 21 адам қатысты. Бас төрешілікке халықаралық гроссмейстер Петр Костенко шақырылды.
Турнир жеңімпазы – «Отбасы Банк» АҚ қызметкері Ерқанат Мұсабаев, екінші орынға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өкілі Ренат Медібаев жайғасса, үшінші орын «Отбасы Банк» АҚ-ның тағы бір қызметкері Бекжан Жақыпбековке бұйырды.
Турнир соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер естелік сыйлықтар алды.