Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі «Донор күні» акциясына қатысты
«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ және оның еншілес ұйымдарының 116 қызметкері «Донор күні» қайырымдылық акциясына қатысты. Олардың 73-і қажет медицина процедурасынан өтіп, шамамен 30 литр қан тапсырды.
«Донор күні» «Бәйтерек» холдингінде игі дәстүрге айналып, бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келеді. Іс-шара компания тобының әлеуметтік жауапкершілігі мен белсенді ұстанымының жарқын үлгісіне айналды.
Еске салайық, Қазақстанда Дүниежүзілік донор күні 14 маусымда атап өтіледі. Акцияға қатысқандардың барлығына алғысымызды білдіреміз!