Жаңаөзен кәсіпкерлері шетел нарығына бет бұрмақ | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Жаңаөзен кәсіпкерлері шетел нарығына бет бұрмақ

Жаңаөзенде «Жергілікті өнім өндірушілердің шетел нарығына шығуы және үкіметтік қолдау құралдары» тақырыбына арналған бизнес-форум өтті. Жаңаөзен қаласының кәсіпкерлер қауымдастығы ұйымдастырған іс-шараға Маңғыстау облысының кәсіпкерлері, облыс және қала әкімі, депутатттар мен бизнесті дамыту институттары қатысты. 

Форум барысында Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі өкілдері шетел нарығына шығуды жоспарлап отырған жергілікті бизнеспен арнайы кездесу өткізіп, компания ұсынатын қолдау құралдары туралы ақпарат берді. Атап айтқанда, сыртқы сауда операцияларын несиелендіруден бастап, тәуекелдерді сақтандыруға дейінгі қызметтердің мән-маңызы түсіндірілді.

Экспорттық-кредиттік агенттіктің Сақтандыру және кепілдік беру департаменті директорының орынбасары Алмаз Нұрғалиев өңірдің кәсіпкерлік әлеуетін жоғары бағалап, Агенттік компанияларға жаңа нарықтар мен мүмкіндіктерге қол жеткізе отырып, кәсіпкерлікті дамытуды қолдайтынын атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі қызметін шикізат емес тауарларды өндірумен айналысатын кез келген отандық кәсіпорын пайдалана алады. Кәсіпкерлердің ыңғайы үшін еліміздің әр өңіріне Агенттік жеке менеджер бекітіп отыр. 

chat Кеңес ал!