Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі Еуропалық одақпен ынтымақтастықты нығайтып жатыр | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі Еуропалық одақпен ынтымақтастықты нығайтып жатыр

Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі Еуропалық одақ Кеңесінің Экспорттық кредиттер жөніндегі жұмыс тобының бейресми отырысына қатысты. Кездесуде экспортты қолдау саласындағы ынтымақтастықты күшейту, сондай-ақ «жасыл экономика» бастамаларын жүзеге асыру мәселелеріне екпін қойылды.

Іс-шараға Бельгия Сыртқы істер министрлігінің, «Кредендо» экспорттық-кредиттік агенттігінің, сондай-ақ «Бәйтерек «ҰБХ» АҚ және оның еншілес компанияларының өкілдері қатысты.

Қазақстанның Еуропалық одақтағы миссиясы басшысының орынбасары Тимур Сұлтанғожин қатысушыларға еліміздің сауда-экономикалық жоспарын таныстырып, көлік-логистика саласына ерекше назар аударылуы тиіс екенін атап өтті.

Өз кезегінде «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Аян Бектібаева Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртек бейтараптығына қол жеткізу мақсатын ұстанып отқанына назар аударды.

Кездесу аясында ЭКА және жетекші халықаралық экспорттық-кредиттік агенттіктердің қатысуымен Қазақстандағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудың жолдары көрсетілді. Бұл жобалар экспортты қолдау саласындағы ынтымақтастықтың тиімділігін айқын көрсетеді және Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы сауда-экономикалық байланысты нығайтуға көмектеседі.

Айта кетейік, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі NZECA ұйымының алғашқы мүшелерінің бірі атанып, экспорттық-кредиттік агенттіктердің нөлдік шығарындылар жөніндегі халықаралық альянсына (Net Zero Export Credit Agencies Alliance, NZECA) аффилиирленген қатысушы ретінде қосылған. Тиісті құжатқа Дүниежүзілік климат саммиті (COP28) аясында қол қойылды.

 

chat Кеңес ал!