Шымкентте экспортты дамыту жолдары талқыға түсті
Экспорттық-кредиттік агенттік өкілдері Шымкентке жұмыс сапары аясында бірқатар жергілікті өндірістік компанияға барып, кездесу өткізді. Іс-сапардың мақсаты – кәсіпкерлерге Агенттік ұсынатын қолдау құралдарын таныстыру.
Кездесуге «Цветлит» ЖШС, «Shymkent Temir» ЖШС, «Alutech» ЖШС, «Қайып-Ата» ЖШС, «Nurym Group» ЖШС, «Turkestan Agro» ЖШС, «ЕвроКриталл» ЖШС, «QazalPack» ЖШС, «Ultra Technology» ЖШС, «Kaspy Steel» ЖШС және «Рауан» ЖШС басшылығы қатысты.
Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігінің Сақтандыру және кепілдік беру департаменті директорының орынбасары Алмаз Нұрғалиев пен өңірлік менеджер Айнұр Әнесова кәсіпкерлермен қазақстандық өнім экспортын дамытудың басым бағыттарын талқылады. Бизнес өкілдері өз кезегінде экспортты жүзеге асыруда кездесетін проблемалар туралы сөз қозғады.
«Біз қазақстандық кәсіпкерлерге экспортты жүзеге асыру бойынша кешенді қолдау көрсетеміз. Агенттік шетелдік нарықта қазақстандық өнімді арттыруды, сонымен қатар оны импорттаушы топ желісін кеңейтуді мақсат етеді, - деп атап өтті Алмаз Нұрғалиев.
Агенттік қазақстандық экспорттаушыларға экспорттық кредит пен инвестицияны сақтандыруды, кепілдік беруді, факторингті және басқа да қызметтер мүмкіндігін ұсынады. Қазақстанның шикізат емес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын кез келген жұмыс істеп тұрған кәсіпорны ЭКА қызметін пайдалана алады.
Айта кетейік, кәсіпкерлер ыңғайы үшін Қазақстанның әрбір өңіріне жеке менеджер бекітілген, ол арқылы экспорт ісі бойынша кез келген сұраққа жауап алуға болады.