KazakhExport қазақ-армян сауда байланысын дамыту жолын талқылады | Компания жаңалықтары | Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі

Компания жаңалықтары

KazakhExport қазақ-армян сауда байланысын дамыту жолын талқылады

«KazakhExport» экспортты сақтандыру компаниясы» АҚ мен Арменияның Қазақстандағы елшілігі екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға арналған кездесуге қатысты.

Іс-шараға отандық бизнес өкілдері, салалық сарапшылар, сондай-ақ бірқатар ұйым мен бірлестік қатысты.

Қос тарап кейінгі жылдары екі ел арасындағы тауар айналым көлемінің өскенін атап өтті. Арменияның Қазақстандағы елшісі Армен Гевондян экономиканы әртараптандырудың және бизнеске ақпараттық қолдау көрсетудің маңызын жеткізді. Бұл тұрғыда Армения үкіметі мұрындық болған «Бейбітшілік қиылысы» тұжырымдамасының негізгі ережелері ұсынылды.

Кездесу барысында KazakhExport Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Армана Бекбасова шикізат емес экспорт саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірнеше бағытты атап өтті. Олардың қатарында тамақ өнеркәсібі де бар. 

Сонымен қатар А. Бекбасова қазақстандық банктердегі қаржыландыру кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мүмкіндіктерін атап өтті. Сарапшы коммуналдық техниканы, сондай-ақ қазақстандық өндірістің басқа да жоғары технологиялық өнімдерін сатып алатын армян компанияларын қолдау үшін KazakhExport сақтандыру өтемін пайдалануды ұсынды.

Қорытындылай келе, тараптар Қазақстан мен Армения арасындағы сауда-экономикалық қатынасты күшейту мақсатында ынтымақтастықтың бар мүмкіндігін тиімді пайдаланамыз деп келісті.

chat Кеңес ал!