Жас қазақстандық өнім экспортқа қалай шыға алады
Меруерт Рахымбердиева, "ЕвразияИнвест ltd" экспорт жөніндегі директоры:
- Қазақстандық жас өндіруші немесе экспорттаушы үшін сыртқы нарыққа шығу он жыл бұрын болғандай қиын емес. Қазақстан әлемдік аренада танымал, біздің өнім экологиялық таза және сапалы болып есептеледі. Тәжірибелі экспорттаушылар, қадамдық нұсқаулық алуға және неден бастау керектігін түсінуге болатын ақпараттық алаңдар бар. Мысалы, ұлттық оператор KazakhExport экспорттық сақтандыру компаниясы шетелдік тапсырыс берушінің сенімділігін тегін тексеруге көмектеседі, тәуекелдерді, перспективалар мен әлеуетті бағалайды, қолайлы сақтандыру өнімдерін ұсынады, жас экспорттаушыны қорғау үшін экспорттық мәміленің тәуекелдерін өзіне алады. Сонымен қатар, олар ірі бизнеске де, шағын кәсіпорындарға да көмектеседі.
Менің ойымша, бірінші кезекте келесі критерийлер өте маңызды:
1. Сапалы өнім (технология, құрамы, қауіпсіздік).
2. Маркетинг жоспары (қаптама, артықшылықтар, маркетингтік ілгерілету құралдары).
3. Халықаралық іс-шараларға, акселерациялық бағдарламаларға қатысу.
4. Экспорттағысы келетін елде дистрибьюторды немесе импорттаушыны таба алатын агентті немесе агенттікті табу.
5. Экспортталатын елдің құқықтық, экономикалық, сыртқы экономикалық, сауда-экономикалық, кедендік заңнамасын зерттеу.
Анықтама:
"ЕвразияИнвест ltd" - "SAUMAL & SAUBOTA" сауда маркасымен құрғақ түйе және бие сүтін өндіреді. Экспорт нарықтары - ҚХР, Еуропа, АҚШ, Таяу Шығыс. Kazakh Export экспорттық мәмілелерде сақтандыру агенті рөлін атқарады.